Қарқын қадағалауда
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласын абаттандыру, жол жөндеу, нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды.Архимед Бегежанұлы әлеуметтік желіде облыс орталығының шағын аудандарындағы алаңдарды абаттандыру барысын қарап шықты."Абаттандыру жоспары аясында 125,5 млн теңге сомасына балаларға арналған көп функционалды алаң, көше тренажерларын, шағын сәулет нысандарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы жылы облыс орталығында 562,3 млн теңгеге 21 футбол алаңын, 17 балалар манежін, 56 спорттық балалар алаңын салу жоспарлануда", – деп жазды облыс әкімі.
Аймақ басшысы бөліскен дерек бойынша, жұмысы қызу жүріп жатқан осыншама нысандар биылдан қалмай тапсырылады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Әуежай шағын ауданындағы жалпы ауданы 8,7 гектар болатын Тарелочка көлінің жаңа жағалауын абаттандыру барысымен танысты. Бүгінгі таңда жағалаудағы саябақтың кіреберісі, габиондар және жаяу жүргіншілер тротуарлары төселіп, әрлеу жұмыстары жүргізілген.Іссапар барысында А.Мұхамбетов Қостанай қаласының әкіміне жоспарланған жұмыстарды уақытылы және сапалы орындауды тапсырды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Әуежай шағын ауданындағы жалпы ауданы 8,7 гектар болатын Тарелочка көлінің жаңа жағалауын абаттандыру барысымен танысты. Бүгінгі таңда жағалаудағы саябақтың кіреберісі, габиондар және жаяу жүргіншілер тротуарлары төселіп, әрлеу жұмыстары жүргізілген.Іссапар барысында А.Мұхамбетов Қостанай қаласының әкіміне жоспарланған жұмыстарды уақытылы және сапалы орындауды тапсырды.
Мұнымен қоса, аймақ басшысы облыс орталығында жөндеуден өтіп жатқан бірқатар нысанға да бақылау жүргізді. Атап айтқанда, ұзындығы 1,9 шақырым болатын Алтынсарин, қашықтығы 1,288 шақырымдық Чкалов және 1,245 км Арыстанбеков көшелеріндегі автомобиль жолдарын қалпына келтіру барысын тексерді. Аталған көшелерде инженерлік желілерді жөңдеу, абаттандыру және жол төсемін жөңдеу жұмыстары жоспардағыша жүргізілуде.
Сонымен қатар, Архимед Бегежанұлы жөндеуден өткен «Марал Ишан» мешітінің жаңа келбетімен танысып шықты. Құтханадағы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда мешіттің әкімшілік ғимаратын қайта жаңғырту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Облыс әкімі ат шалдырған тағы бір елеулі нысан – бас кәріз сорғы станциясы. Станцияны қалпына келтіру жұмыстарына 685,788 мың теңге бөлінген. Бұл сомаға торлар ғимараты мен бақылау-өткізу бекетінің құрылысы және сорғы станциясы мен каналдардың резервуарын жаңғырту іске асады. Сондай-ақ, № 2 кәріздік сорғы станциясын реконструкциялау барысы барланды. Бұл мақсатқа 244 883,9 мың теңге бөлінген.
Облыс әкімі жұмыс сапары қорытындысында аталмыш нысандардағы жұмыстарды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.