Толассыз еңбек жемісі

farkhatmoldashev-176Жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі – ұстаздық екені сөзсіз. Себебі өркениетті мемлекеттің өсуі, бәсекеге қабілетті болуы – сол ұстаз берген білімде. Сондай педагогтардың бірі деп Әулиекөл  ауылшаруашылығы колледжінің оқытушысы Махмұт Спановты айтуға болады.
– Бүгінде  қоғамда, одан қала берді жұртшылық арасында мұғалім мамандығының  мәртебесін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істейтін  педагогтарды  анықтау мақсатында  үстіміздегі жылдың сәуір айында өткен "2014 жылдың үздік педагогі" республикалық конкурс-қа бес мыңнан  аса педагог қатысқан-ды.  Әрине, соншама педагогтың арасынан ең таңдаулысын, ең үздігін таңдап алу да қиын болғаны анық. Нәтижесінде  мектепке дейінгі  және орта білім жүйесі  бойынша  отыз екі, техникалық және кәсіби білім беру жүйесі  он алты педагог – "үздік педагог"  атанды. Ал, техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде жеңімпаз атанған он алты педагогтың бірі –  Махмұт Спанов болды.   Ұстаз еңбегі ақталып, толассыз жұмысы нәтижелі болып жатса, қалай  ғана қуанбасқа. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты  марапат рәсіміне барған Махмұт ағамыз "2014 жылдың үздік педагогі" төсбелгісі мен ақшалай сыйақысының иегері атанды. Махмут Ағытайұлы, міне, он жеті жылдан бері  студент жастарымызға ауыл шаруашылығы негізін оқытып, үйретіп, мамандар даярлап жүргенін айта кеткеніміз жөн. Ол кісінің жұмысы өзектілі-гімен, сонылығымен ерекшеленеді. Нақты өндіріс жағдайына бейімделген.  Атап айтқанда,  білім берудің дуалды жүйесін енгізудің ар-қасында  студенттердің жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруіне бағытталып отыр, – деді бізге колледждің әдіскері Айгүл Базарбаева.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: салтанаттан көрініс.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓