Көпшілікке – тегін ақпарат

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өткен "Жастар – Отанға!" акциясы аясында "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020", "Бизнестің жол картасы", "Жастар тәжірибесі" бағдарламалары түсіндірілді. Бүгінде көпшілік аталмыш бастаманы білсе де, оны жүзеге асыру жолын біле бермейді. Сонымен қатар денсаулықтарын тексертуді де естен шығармады.
– Бүгін белсенді жастар бірігіп, көпшілікке ақпараттар таратуда. Олар тегін кеңес алып, білмегенін сұрап, қан қысымдарын біліп жатыр. Мұндай бастамалар көпшіліктің назарын аударып, пайдасын береді, – дейді "Жас Отан" жастар қанатының мүшесі М.Ордабаев.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Суретте: акция аясында.