Құсшы

Бұрын автобус жүргізушісі болған 56 жасар Сабит Биклеев-өз өмірін түбегейлі өзгертуден қорықпайтын жандардың бірі. Ол  енді  Майское ауылындағы  шағын құс фермасының иесі. Қысқа мерзімді курста оқып,  бизнес-жоспарын сәтті қорғап шыққан соң , бірден «Атамекен Қостанай» МҚҰ» ЖШС арқылы жылдық 4% – пен жеңілдетілген несие алды.
«1,5 миллион теңгеге құс, жем, құрылысқа қажетті материалдар сатып алдым. Күзге салым менде 500-600 – ге жуық қаз, үйрек, бройлер тауықтары болды. Егер пандемия кедергі жасамағанда бұдан да көп болар ма еді. Өнімін қайда апарып өткіземін? Базарлар жабық, жәрмеңке көзден бұл-бұл ұшты.  Әйтпесе, жәрмеңке дегеніңіз ауыл тұрғындары үшін үлкен демеу еді. Қолыңдағы азын-аулақ бірдеңені сата қоясың.  Қостанайдағы жәрмеңкеге қанша әкелсеңіз де, барлығы сатып алады. Рудный мен Лисаковскіде де сауда жақсы жүреді», – дейді Сәбит Ахметұлы. Кәсіпкердің  биыл біраз шаруа тындырғысы бар.  Қыруар құс өсіруге қорасы тарлық етеді. Сондықтан, күн жылысымен шағын құс фермасын ауылдың шет жағына көшірмек.  Көбірек орын болса, соғұрлым құсты да көбейтуге мүмкіндік туады. Ауыл сыртынан үлкен қора салып, жанынан құдық қазбақшы.
Әлібек Ыбырай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓