COVID-19: +63
9 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 63 адам жұқтырды.Атап айтқанда, Қостанай қ. – 36 адам, Рудный қ. – 16, Жітіқара қ. – 5, Қостанай, Денисов аудандарында 2 адамнан, Алтынсарин мен Ұзынкөл аудандарында 1 тұрғыннан дертке шалдықты.
47 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 1 адам мемлекеттік шекараны автоөтпе арқылы кесіп өткен кезде, 8 адам эпидқадағалау мақсатында, 7 адам коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болған күдікті ретінде тексеріліп, коронавирус диагнозы қойылды.
Науқастардың ішінде 43 адам кеселдің симптомды, 20 адам симптомсыз түрін жұқтырған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 9 қараша аралығында COVID-19 індетін 3989 адам жұқтырды, 3334 адам емделіп шыққан.