Құмар Ақсақалов Президент қабылдауында болды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бірнеше облыстың әкімдерін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құмар Ақсақалов Қостанай облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өсім мен инвестиция тарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар әкім Президентке Қостанайда өтетін ХІХ өңіраралық форумға дайындықтың басталғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыстардың әкімдеріне өңірлерді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтамасыз етуді, инфрақұрылымдарды жаңғыртып, көлік-логистикалық ахуалды жақсартуды тапсырды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓