Ақылы ҰБТ-ға тіркеу басталды
Өңірімізде талапкерлердің ақылы компьютерлік Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) өтуге өтінімдерін тіркеу басталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының Қостанай филиалының жетекшісі Нұргелді Хасенов айтты.
Тарихтағы алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу жүріп жатыр. ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testce nter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде.
Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Тестілеу құны: 2242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
«Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, әр тестілеу тізімі жүз адамнан аспауы тиіс. Тіркелу барысында қай ҰБТ өткізу пунктіне тапсыратыны көрсетіледі. Қазір Қостанай өңірінде Арқалық, Лисаков, Қостанай қалаларында үш өткізу пункті жасақталған», – дейді Нұргелді Хасенов.