Лисаковтан бір адам
Қостанай облысында симптомдары бар коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 жағдайы тіркелді.
(2020 жылғы 10 маусымдағы мәліметі бойынша)
1959 жылғы ер кісі Лисаковск қаласының тұрғыны. Пациент пневмония диагнозымен өз бетінше жүгінген кезде тексерілді. ПТР зерттеу әдісімен коронавирустық инфекция диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Науқаспен байланысқандардың бәрі анықталды, медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасады. 2020 жылғы 10 маусымдағы мәліметі бойынша Қостанай облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 209 жағдайы тіркелді, 143 адам емделіп шықты.