Өлмегенге өлі балық жолығады

Амангелді ауданында апта бойы із-түзсіз жоғалған малшы табылды! 21 ақпан күні жылқы іздеуге шыққан азамат елсіз жерде табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жергілікті шаруа қожалығында жұмыс істейтін 1971 жылы туған Амангелді Тұржанов 20 ақпан күні Амангелді ауданының Бірәлі қыстағынан ығып кеткен жылқыларды іздеуге шыққан. Бірақ ол сол күндердегі қатты боранға тап болады. Оның із-тозсыз кеткені жайында туыстары 21 ақпанда хабар беріпті.
Амангелді аудандық төтенше жағдай бөлімінің жүріп өтімділігі жоғары «Нива Бронто Марш» автокөлігімен 2 қызметкер, жергілікті полиция қызметінің 3 тәртіп сақшысы және жоғалған азаматтың туыстары оны іздеуге шығады. Бірақ көз көрсетпес бораннан еш нәтиже шықпаған екен.
«Боран, бұрқасын, қатты соққан жел мен үздіксіз жауған қар іздеу шараларын айтарлықтай қиындатты. Оның үстіне малшымен байланысу еш мүмкін болған жоқ», – дейді департамент берген хабарламада.


«Табылған азамат тікұшақпен Жезқазған қаласының медициналық мекемесіне жеткізілді. Оның денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, ес-түсін біледі, әрі қарай ем-дом алатын болады», – делінген баспасөз хабарламада.