Эмоционалдылық жəне оның тілдегі көрінісі
Қостанай қаласындағы NIS мектебінің 11 сынып оқушысы Лейла Сарсембина «Researchstart 2020/2021» (Ресей) мектеп оқушыларына арналған ІІІ Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында 1 орынға ие болды.
Бұл байқау 2020 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 15 мамырына дейін жалғасып, ұйымдастырушылар қатысушыларға гуманитарлық бағыттағы аралық нәтиже берді.
Біздің оқушымыздың көтерген тақырыбы өте өзекті және өзіндік стилімен ерекшеленеді. Оның көтерген тақырыбы, мектеп ортасында эмоционалды тілдің даму тенденцияларын ерекше айқындау болып табылды.
– Біріншіден, мен жетекшім Майя Жетпісбайқызына осы жобаны өмірге әкелуге ұсыныстары, қолдаулары мен көмектері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді! Менің жұмысымның негізгі идеясы – қарапайым сөздерден басқа, адамдар өз ойларын эмоционалды түсті лексика, қимылдар және мимика арқылы білдіре алады. Жұмысымның жаңалығы эмоционалды команданы құру, оқыту және қарым-қатынас үшін өте маңызды екенін көрсетеді. Бұл көлемді жұмысты жазу үшін бір жыл уақыт кетті, өйткені көптеген тақырыптық әдебиеттерді зерттеу қажет болды. Қиындықтың басты теориялық қоры Пол Экманның ағылшын тіліндегі шығармалары болғандықтан, оның аудармасымен қосымша жұмыс жасау қажет болды, – Лейла Сарсембина.