7 адам қар құрсауынан құтқарылды

Арқалық қаласының маңында қар құрсауында қалып қойған адамдарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға сағат 03:00 шамасында болған. Арқалық қаласы мен Алуа селосының аралығында «УАЗ» автокөлігі сынып қалған. Боран күшейіп, қар қалыңдап кеткен соң жолаушылар құтқарушыларға хабар береді.
«Автокөлік ішінде 2 баланы қосқанда 7 адам болған. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағы боранда қалған жолаушыларды Арқалық қаласына жеткізді. Генератордың істен шығуына байланысты автокөліктің бұзылғаны анықталды», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Облыстық ТЖД тұрғындарға төтенше жағдай кезінде құтқару қызметіне («112» телефоны арқылы) қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓