“Тобыл” жеңіске жетті

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі бірінші турының алғашқы ойын күні «Тобыл» және «Шахтер» кездесуімен аяқталды. 
IMG_7552
Қос команда да шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Ойынның 17-минутында Роман Муртазаев «Тобылды» алға шығарса, «Шахтер» сапынан Андрей Буйволов таразы басын теңестірді. Ойынның 87-минутында қостанайлық ойыншы Азат Нұрғалиев өз командасын тағы алға шығарса, 88-минутта оның командалас әріптесі Лука Зарандия қорытынды есепті тіркеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓