Негізсіз айыптау

29 қаңтарда YouTube видеохостингінің «Бәсе» каналында Күлшат Карманова есімді азаматша Қостанай қаласындағы Складской көшесі 8 мекенжайында саудамен айналысатын сегіз кәсіпкердің бизнесі рейдерлік жолмен тартып алынғаны туралы Президентке бейнеүндеу жариялаған еді. Карманова «қылмыстық топты басқарып отыр» деп Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Нұрмұхамбетовті айыптаған. Алайда қалған жеті кәсіпкер видеодағы келтірілгендерді жалақорлық деп танитынын жеткізіп редакциямызға Мемлекет басшысына жазған хаттың көшірмесін жолдап отыр. Олар жергілікті билік тарапына еш шағымы жоқ екенін жеткізді.
         2021 жылдың 5 ақпан күні жазылған хаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.
         «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа.
         Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
         Сізге Қостанай қаласы, Складской көшесі 8 мекенжайындағы павильондарда саудамен айналысатын кәсіпкерлер хат жолдап отырмыз.
         Бұған дейін бізбен көршілес павильонның сауда иегері Күлшат Болатқызы Карманова біздің заңды құқығымыз бұзылып жатыр және жергілікті атқарушы билік тарапынан әрекетсіздік бары туралы Сізге шағым жолдаған болатын.
         Карманова біздің барлығымыздың атымызды жамылып, өз бетінше әрекетке барды. Карманованың өзінде де, бізде де сауда сатып отырған жеріміздің рұқсат құжаты жоқ екенін біле тұра, жергілікті билікті сынға алған. Яғни, өзі заң бұзғанымен қоймай, облыс және қала әкімшілігіне айыптар тақты.
         Карманованың бұл айтқанымен біз келіспейміз, себебі, біздің сауда нүктелеріміз мемлекеттің меншігіндегі жерде орналасқан, ал біз мемлекет меншігін өз еркімізбен басып алғанбыз. Өзіміз павильондарды жалдап отырғанымызбен, ұзақ уақыт бұл жайында білген жоқпыз. Кейін жерді мемлекет өз меншігіне қайтарып алғаны туралы білдік, ал қолымызда ешқандай құжат жоқ біздер сол жерде қала бердік.
         Жергілікті атқарушы органдар аталған мәселені шешудің жолдарын ұсынды – біздің сауда павильондарымыз көрші аумаққа орналасатын болды (жер учаскесіне арендалық төлем екі есе арзан). Біздің ойымызша, бұл мәселенің ең дұрыс шешімі осы. Біздің павильондарымыз жаңа орынға көшірілді.
         YouTube видеохостингінің «Бәсе» каналында Карманова айтқандай, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Нұрмұхамбетовті тарапынан ешқандай рейдерлік басып алу болған емес.
         Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұдан былай мемлекет меншігіндегі жерге орналасуымыз толық шешілді, сол себепті жергілікті атқарушы органдарға еш шағымымыз болмағанын әрі жедел көмек көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, Сіздің қиын да жауапты жұмысыңызға сәттілік тілейміз!».

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓