Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары
Баланың тілі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.
Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.
Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз.
Балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты, баланың жасына сай болу керек, баланың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс.
Қазақтың фольклорында, салт-дәстүрінде бекер саусақ ойындарға көп көңіл бөлінбеген. Кең таралған «Қуыр-қуыр-қуырмаш» – деген санау өлеңі.
Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой қабілеттігін, қиял, ес процестерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процестері дамиды.
Кез келген тапсырманы оның қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс.
Бір сабақта 5-6 жаттығу орындалуы қажет. Саусақтарға гимнастика. Саусақтарға арналған ойындар – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау. Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілуі мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша.
Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:
– Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру.
– Қағазға түйме, жіп,замок әртүрлі ұзындықта жапсыру жұмысы.
– Бұрандалы шегені, гайканы бұрау.
– Конструктор, кубиктер ойнау.
– Ауада сурет салу т.б.
Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорлық әсерлер алады. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.
Гүлжайна Оспанқызы Рзакулова,
Рудный қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектептің
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі