Арақ ішіп, рөлге отырған

Рөлге мас болып отырғаны үшін рудныйлық екі аптаға қамауға алынып, үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. 
Іс материалы бойынша, 15 тамызда түн ортасында «Mercedes-Benz» автокөлігін рудныйлық азамат мас күйінде басқарған. №3 саяжай қауымдастығы ауданында оны жол-бақылау қызметінің өкілдері тоқтатқан. Ол араққа сылқия тойып алыпты.Мас жүргізуші – қоғамға қауіп
Рудный қалалық соты оны ҚР ҚК 346-бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ереже бұзушы рөлге отыру құқығынан үш жылға айырылып, 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓