Төрт сот бірігіп брифинг өткізді
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі бойынша соты, Қостанай қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты үстіміздегі жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар нәтижесін қорытындылады.

Кездесу соңында сот төрағалары қоғамдық талқылауларға түскен істер бойынша БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Қарлығаш Оспанова