Ерлікке тағзым
Қостанай қаласы. Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Ерлікке тағзым» атты әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Оған прокуратура органдары, полиция және әскери қызметшілер қатысты. Фестивалдің аты айтып тұрғандай, соғыс жылдарындағы әндер шырқалған болатын. Аталған іс-шараны облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен халық көркемөнерпаздар шығармашылығының орталығы ұйымдастырды.