23 мың литр заңсыздық
Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағар майды заңсыз тасымалдау дерегінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы барысында облыс аумағында тиісті ілеспе құжаты жоқ 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегін әшкерелеген. Осы факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамандар есебінше, шығын көлемі – 4,3 млн теңге. Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылады. Тәркіленген материал мемлекет пайдасына жұмсалады.