Бір тәулікте хабар-ошарсыз кеткен 5 адам табылды
Өңірде «Қаңғыбас» алдын алу шараларын өткізу барысында хабар-ошарсыз кеткен 5 адам табылып, үш қылмыскер ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Кезбе синдромымен сырқат Қостанайлық жасөспірім үйінен 16 қаңтарда кетіп қалған. Ол Қостанайдағы компьютерлік клубтардың бірінен табылды. Төрт күн бойы компьютерлік ойындар ойнау үшін қайыр сұрап, ақша тапқан.
Жалпы «Қаңғыбас» шарасы тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды құқық қорғау органдарына тіркеуге алу үшін жүргізілуде. Бір күннің ішінде полицейлер 70-тен аса үй-күйсіз жүргендерді тіркеді. Олардың бесеуіннің жеке бастарын анықтау үшін қабылдау-бөлу бөліміне жіберілді.
Мешіт Ғазиз