“Бірде-бір шағым болған жоқ”

Павлодардағы сайлау додасына шақырылған ТМД миссиясының ресейлік бақылаушылары осылай деп баға берді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг туралы Pavlodarnews.kz тілшісі жазды.2405690620b32f2f874a138d52454869Омбы облысының Өңірлік саясат және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Юрий Назаренко атап өткендей, бақылаушылар науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына куә болған.
– Біздің миссиямыздың басты міндеті сайлау заңнамасының сақталуын қадағалау және сайлаудың ашықтығы мен әділдігінің қамтамасыз етілуін тексеру болды, – деді Юрий Назаренко. – Кеше күні бойы сайлау учаскелері арасында жүріп, науқанды өткізудің өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейін байқадық. Барлық учаскелерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды. 
Ресейлік маман атап өткендей, барлық учаскеде бірде-бір шағым болған жоқ. Басқа бақылаушылармен және қарапайым сайлаушылармен пікірлескен ТМД миссиясының өкілдері олардың да тек оң көзқарастарына қаныққан.
Миссияның тағы бір мүшесі, Омбы мэрінің орынбасары Анастасия Терпугова сайлау кезінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоса алғанда, барлық сайлаушы тең құқылы дауыс бергенін атап өтті.
Айта кетейік, экзитпол мәліметтері бойынша, 72% дауыспен «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓