Сайлауға қатысу – азаматтық парыз


Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Ғабдрахмановтың айтуынша, моноқалада 17 сайлау учаскесі бар.
"Сайлау КВИ пандемиясы жағдайында өтуде. Сондықтан біз учаскелерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтап отырмыз. Қала тұрғындарының сайлауға қатысуы үшін барлық жағдай жасалған. Шаһар бойынша қоғамдық бірлестіктерден 29 бақылаушы, саяси партиялардан 66 бақылаушы мен сенімді тұлғалар сайлаудың әділ өтуін бақылауда", – дейді Талғат Ғабдрахманов.
Ертемен дауыс беруге келген сайлаушы Айман Қадырханова өз таңдауын жасағанын айтты.
"Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауы күні. Мен таңертең өзімнің №113 сайлау участкеме келіп, барша халықпен бірге елдегі айтулы саяси іс-шараға үн қосып, өз дауысымды бердім. Өйткені, сайлау – елдің болашағы. Біз өз еліміздің, жеріміздің тағдырына дауыс беру арқылы мемлекетіміздің дамуына тікелей әсер ете аламыз. Ел дамуының жаңа белесі үшін және болашақ үшін сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Сондықтан барша қазақстандықтарды сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын! Ел болашағы сіз бен біздің қолымызда!", – дейді Айман Қадырханқызы.
Айта кетейік, бүгін елімізде ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жүріп жатыр.
Лисаков қаласы