30 жылдық мерейтойлар

2021 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес мемлекет егемендігі туралы заң қабылдап, Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы атанған еді.Snimok-39-e1544940209327
Сондай-ақ, алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауына да 30 жыл. Ол 1991 жылы 1 желтоқсанда болған еді. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98% дауыс жинады.
Қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толу мерейтойын да атап өткелі отыр. Бұл Жарлыққа Н.Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда қол қойған болатын. Осы оқиға құрметіне осы күн Халықаралық ядролық сынаққа қарсы әрекет күні болып белгіленді.
Осы жылы алғашқы қазақтың ғарышқа ұшқанына да 30 жыл толады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері болып Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекет тарихына алтын әріппен жазылды. Ол "Союз ТМ-13" ғарыш кемесі экипажының құрамына енген еді. Ұшу уақыты 7 күн 22 сағат 13 минутқа созылды, яғни 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында Т.Әубәкіров алғашқы қазақстандық "Ғарыш-Қазақстан" ғарыш бағдарламасы бойынша тәжірибе жүргізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓