Жылу тарифі төмендейді
Қостанайда жылу тарифі ақпан айынан бастап төмендейдін болды. Баға қазіргіден 8%-ке төмен болмақ. Бұл туралы облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚЖЭК» МКК өткен жылдың тамыз айында бес жылдық тарифтің аяқталуына байланысты өтінім берді. Онда компания жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын 6,4% – ке арттыруды сұрады. Жоба бойынша орташа өткізу тарифі қосымша құн салығынсыз 7 578 теңге/Гкал болады.
«Кәсіпорын өтінімін қарау барысында департамент 2021 жылға арналған орташа өткізу тарифінің келесі шекті деңгейін бекітті – қосымша құн салғынсыз 6 970 теңге/Гкал, 2020 жылғы қолданыстағы тариф-7 120 теңге/Гкал (қолданыстағы тарифтен 2,1% – ке төмендеген)», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Осылайша, тариф қолданыстағы тарифтен 8% – ке төмендетілді. Халық үшін 3 873 теңге/Гкал (қолданыстағы тариф 4 210 теңге/Гкал), басқа тұтынушылар үшін-11 558 теңге/Гкал (қолданыстағы тариф 12 566 теңге/Гкал). Табиғи монополияларды реттеу департаментінің хабарлауынша, тариф 2014 жылдың деңгейіне қайта түсті. Ол кезде тұрғындар 3 696,29 теңге/Гкал төлейтін. Енді қостанайлықтар 1 ақпаннан бастап жаңа тарифпен төлейтін болады.