«Дауыс бер!»
2020 жылдың 29 желтоқсанында Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шолпан Төлеуханқызы Сигаева "Махаббат" сауда үйінің жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында кандидат сайлаушыларға "Nur Otan" сайлауалды бағдарламасын жеткізді, әсіресе партияның Лисаков қаласы бойынша Бағдарламасына егжей-тегжейлі тоқталып, алдағы 5 жылға арналған кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы айтып берді және 2021 жылғы 10 қаңтарда өзінің сайлау учаскелеріне келіп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
"Nur Otan" партиясы Лисаков қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілгенін, бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.
"Nur Otan" партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.