Байқау жарияланды

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған "Жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында республикалық байқау жарияланатынын хабарлайды. Байқау бірнеше бағытта өтпек. 
1. «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» бағыты. Оған республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады; 
2. «Үздік қысқаша мотивациялық бейне» бағыты бойынша барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.) қатыса алады.
3. «Үздік сурет/плакат» бағытында да оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.) қатысады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓