Қайтадан “қызыл” аймақта
Қостанай облысы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қайтадан "қызыл" аймаққа енгізілді. Осы күнге дейін "қызыл" аймақта тек Атырау облысы ғана қалған еді. Енді қауіп шеңберіне біздің аймақпен қоса Ақмола және Павлодар облыстары еніп отыр. Айта кетейік, "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы бар, ал қалған аймақтардың барлығы "жасыл" аймақта.