Малды иесіне қайтарды

ұрыДенисов АІІБ полицейлері село тұрғынына жоғалған малын қайтарды.
 Чебендовка селосының тұрғыны полиция учаскесіне келіп, 28 қыркүйек күні сиырының жоғалғанын, өзі іздеп таба алмағанын айтып, көмек сұрады. Өтінішті қабылдаған полицейлер іздеуді бастады. Сиыр Қамысты ауданының Қарабатыр селосынан он шақырым жерде жайылып жүр екен. Полиция қызметкерлерінің айтуынша малдың жоғалуына не ұрлануына ең алдымен мал иелерінің бейқамдығы себеп. Үстіміздегі жылдың 9 айында 364 мал ұрлығы тіркеліп, 82 қылмыс ашылған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓