Жаңа клуб ашылды

"Қыз – өмірдің қызғалдағы" деген. АрқМПИ ұстаздары қыз балалардың тәрбиесіне жіті назар аударуда. Жақында институт қабырғасынан "Наз" атты тағылымды клуб ашылды. 
Gosti_2– Қазақ халқы ықылым заманнан қыз баланы ерекше сыйлап, әдемі гүлге теңеген. Қыз балаға дұрыс тәрбие беріп, кең арналы тіршілікке жол сілтеу – бірінші ата-ананың міндеті десек, екінші кезек – қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын ұлағатты ұстаздары мен тәрбиешілерінің парызы, – дейді "Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айсәуле Дүйсебекова.
 Клуб үш бағытта жұмыс жүргізеді.
"Жансарай": Студент қыздарға өмір тәжірибесі мол, ұлағатты өмір жолы қалыптасқан апа-әжелерінің, мамандардың, соның ішінде дәрігер-гинеколог, косметолог, психолог, кітапханашы, шаштараз, визажист, стилистердің кәсіби ақыл-кеңестерін ұсыну.
"Сөз-семсер": Студент қыздардың қоғамдық, саяси-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы мен қоршаған ортаға байланысты саналы ой пікірлерінің жетілуіне, көкейде жүрген сан түрлі сауалына дұрыс жауап іздеуіне бағдар беру. Өзгенің пікіріне құрмет көрсетіп, өз ойын ашық айтуға жетелеу.
"Сан қырлы": Студент қыздардың педагогикалық мамандықтарымен қатар, журналистика, өнер, театр, телевидение салаларында өз мүмкіндіктерін көрсете білулеріне жағдай жасау.
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
  Арқалық қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓