“АМАНКЕЛДІ БАРЫСЫ” өткізілді

Таяуда аудан орталығында "Наурыз" алаңында алғаш рет "Аманкелді барысы" атты балуандар сайысы өткізілді. Оған аудан орталығы мен село және ауылдық округтерден 10 команда қатысып, жалпы саны 48 балуан бақ сынады. Жарыс командалық жүйе бойынша өткізілді және соңынан "Түйе балуан" сайысы ұйымдастырылды.
Командалық есеп бойынша І-ші орынды "Аманкелді–2" командасы, ІІ-ші орынды – "Аманкелді-1" командасы, ІІІ-ші орынды – Амантоғай ауылдық округінің командасы,  ІV-ші орынды Байғабыл ауылдық округінің командасы иеленді.
"Түйе балуан" сайысына 17 балуан қатысып, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Олжас Тәжікенов "Түйе балуан" атағын жеңіп алды.
"Аманкелді барысының" әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздары Қостанай қаласында өтетін "Қостанай қыраны" облыстық турнирінің ақтық сынына қатынасады.
"Аманкелді барысы" 2 күнге созылды. Балуандар аянып қалған жоқ. Алайда жеңісті күштілер иеленді.
"Аманкелді барысын" өткізуге "Ұлы Дала" шаруа қожалығының төрағасы Аманжол Асанов демеушілік жасады. Барлық сыйлықты сол тапсырды. 
Хамитбек
        МҰСАБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓