Ауыз су мәселесі шешіледі
Қазақстандағы ауылдардың ауыз сумен қаншалықты қамтамасыз етілгенін көрсететін интерактивті карта әзірленіп, іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін Үкімет ел халқының 95%-ын сапалы сумен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Мұндай жоспарларды Құрылыс және ТШК істері Комитетінің өкілдері айтты.
"Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін республикалық бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 261 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
"Ауылдарды сумен қамтамасыз етуді мониторингілеу мақсатында көптеген параметр бойынша өзекті жағдайды көрсететін интерактивті карта әзірленіп, іске қосылды. Оның ішінде сумен қамтамасыз ету, қаржыландыру, қаражатқа қажеттілік бойынша… бүгінгі таңда интерактивті картаны жетілдіру мақсатында халықпен кері байланыс орнату үшін қосымша функцияларды қосу шаралары қабылдануда. Сондай-ақ, су берудің жүйелілігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы ақпарат қосылады", – деп хабарлады ҚР Индуриялық-инновациялық даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов.
Осы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 151 млрд теңге көзделген, оның ішінде: қалаларда — 77 млрд теңге, ауылдарда — 74 млрд теңге. Қазір, ресми деректер бойынша, ауылдық жерлерде сумен жабдықтаудың ең көп қамтылуы Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында, ал ең азы Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.
Қостанай облысында ауыл халқының ауыз суға қолжетімділігі 64,7% деңгейінде ғана. Енді елдегі шағын ауылдарды, оның ішінде Қостанай облысының шалғанй елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін кешенді блок-модульдер орнату және су таратқыштар салу мәселесі шешілмек. Қажет болған жағдайда оларды оңай орнатуға және ауылдан ауылға тасымалдауға болады дейді мамандар.