Эпидахуал: 79 адам жұқтырды

15 қарашада Қостанай облысында коронавирус 79 адамнан табылды.
 Атап айтқанда: Қостанай қ. – 25, Қостанай ауданы – 16, Қарасу ауданы – 7, Рудный қ. – 6, Жітіқара қаласы, Қамысты және Федоров аудандарында – 5, Қарабалық ауданы – 4, Арқалық қаласы және Алтынсарин ауданында – 2, Денисов және Ұзынкөл аудандарында – 1 адам.
67 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді,  
Індет жұқтырғандардың ішінде 75 адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 15 қараша аралығында COVID-19-ды 38 522 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 35 821.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 335 125 адам, екінші компонентпен 311 895 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓