Қостанай қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясы жыл сайын «Дельфин» сәбилер үйіне қайырымдық көрсеттіп келеді.
Дәстүрге айналған сол үрдіс биыл да жалғасын тапты. Білім ордасына басшылық ететін полиция полковнигі Мирлан Қызыловтың мұрындық болуымен академия өкілдері балғындарға концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Сондай-ақ, сәбилер үйіне үлкен теледидар мен ойыншықтарын тарту етілді.