Түрік компаниясымен келіссөз жүргізді

Облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығы талқыланды.d4a71cc5-fe2d-4219-a6b2-01a019b7a6bd
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов «DervisogluGroup» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.
Компания органикалық өнімдерді өсіру, өңдеу және экспорттау жобаларын жүзеге асыруға маманданған және Стамбул өнеркәсіптік палатасының ТОП-500 көшбасшы кәсіпорындарының бірі.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы органикалық өнімдерін өндіру саласында әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою туралы келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ, сапар аясында шетелдік қонақтар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге Федоров ауданына барып, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және органикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындармен кездесу өткізді. 4b6ddce2-760a-4af9-8ef3-7caf69d17475Осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметімен жақын танысу үшін делегация «Успеновское» шаруа қожалығына барды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓