Ширек финалға шықты

IMG_8744цвФутболдан Қазақстан Кубогы жолындағы 1/8 финалға сәйкес Қостанайдың "Тобылы" өз алаңында Шымкенттің "Қыран" командасын қабылдады. Бұл клуб ел чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететінін барша футбол сүйер жанкүйерлер жақсы біледі. "Затоболец" стадионында өткен кездесудің ал-ғашқы таймы текетіреске толы болды. Шымкенттік аяқ-доп шеберлері өздеріне қарағанда тәжірибесі мол қостанайлық команданың адымын аштырмады.Жерлестеріміз дүркін-дүркін шабуылдағанмен, одан еш нәтиже  шықпады. Тек, екінші таймда бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевті ойынға қосты. Осыдан кейін  "Тобыл" футболшылары ойын тізгінін толықтай өз қолдарына алды. Матч аяқталар тұста команда капитанының берген пасын Анатолий Богданов  голға айналдырды. Көп ұзамай кездесудің аяқталғанын паш еткен төрешінің ысқырығы естілді. 1:0. Қостанайлық командаға әупіріммен келген жеңіс жерлестерімізді ширек финалға шығарды.
Әлібек
       ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓