“Өз қан қысымыңды біл” акциясы өтті
Дүниежүзілік артериалдық гипертония ауруымен күрес күніне орай Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары емханаларда, ірі сауда орындарында, темір жол вокзалдарында "Өз қан қысымыңды біл" акциясын өткізді.
Әлеуметтік бастаманың мақсаты – артериалдық гипертония ауруының алдын алу және бұл мәселеде халықты хабардар ету.
"Саламатты Қазақстан" бағдарламасында жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау және емдеу, оның алдын алуға қаржы қарастырылған. Негізі қан қысымының көтерілуі 40 жастан асқан соң байқалады. Қан қысымының жоғарылауын ерте анықтау үшін Қазақстанда 25 жастан бастап скринингтік зерттеулер, кәсіби байқаулар өткізіледі. Қазіргі таңда барлық емханаларда дәрігерге дейін қаралатын кабинеттер бар, қан қысымын адам өзі тексеру үшін өлшеуге арналған арнайы аппараттар қойылған", – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үй-лестірушісі Роза Тәшенова.
Акция аясында дәрігерлер келушілердің бойы, салмағы, қан қысымын өлшеп, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық кеңес берді.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ