74 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік төлем алды
Қостанай облысының әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде көмек көрсетіледі. Бұл туралы баспасөз конференциясы аясында облыс әкімі А.Мұхамбетов айтты."Төтенше жағдай кезеңінде (осы жылғы наурыз-мамыр) қызметтерінің шектелуіне байланысты 164,6 мың азаматқа жалпы сомасы 11,0 млрд теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленді. Сондай-ақ, шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты (осы жылғы шілде-тамыз) табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем 73 962 азаматқа тағайындалды", – деді А.Мұхамбетов.
Жалпы, жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі 4 997 отбасына 1,4 млрд.теңге сомасында тағайындалды".