COVID-19: +70

23 қарашада Қостанай облысында 70 адамнан КВИ табылды. Бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5% құрады. 
Дертті Қостанай қ. – 38 адам,  Рудный қ. – 15, Арқалық қ. – 4, Жітіқара ауданында – 4, Қостанай ауданында – 4, Лисаковск қ. – 2, Меңдіқара ауданында – 2, Қарасу ауданында 1 адам жұқтырған.
48 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 17 адам  эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болған күдікті ретінде), 3 адам профилактикалық мақсатта, 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (ауруханаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда аурудың белгілері болды, 25 адам симптомсыз түріне шалдыққан.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 23 қараша аралығында COVID-19-ды  4847 адам жұқтырып, 3732 адам емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓