Ұн өндірісі артты
Бүгінде аймақта 250-ден астам кәсіпорын бар. Бұлар 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, жалпы сомасы 177,4 млрд теңге болатын өнім шығарған.
Ұн өндірісі 716 тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ға асып түсті. Айта кетейік, бөлшектік саудада ұн келісі 120 теңгеден сатылуда.
Қостанай облысының ұн экспорты 24%-ға артып, 461 тоннадан 572 тоннаға жетті.