Дарынды уақытында бағаласақ

IMG_9584Арқалық қаласының тұрғыны Айдос Есмағанбетов бейнелеу өнерінде кездесетін өте сирек тәсілді меңгерген. Ол – гипперреализм деп аталады. Нақтырақ айтқанда, силиконнан түрлі бейнелер жасаудың бір тәсілі болып табылады.
Мұндай өнердің кереметтігі сол, көрген жанды таңдай қақтырмай қоймайды. Шебердің қолымен жасалған бейне түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ. Денедегі әрбір сызық, әжімге дейін жіті мән берілген.
Жақында осынау өнер иесі облыс орталығында өткен " Жас толқын" байқауына өзінің тырнақ алды туындыларын алып келіп, жұртшылық назарына ұсынды. Көрмеге әкелген қазақтың ханы Абылай  мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіндеріне облыс орталығының тұрғындары үлкен қызығушылық танытты. Бұл екі мүсін  Айдос үшін орны бөлек.  Себебі, оның гиперреализм сырын меңгергеннен кейінгі ең алғашқы және ең басты мүсіндері осылар.
Жас мүсіншінің айтуына қарағанда, мүсін жасау барысында адамның бет-бедерінің әрбір нүктесі ұмыт қалмауы тиіс. Сондықтан бұл көп тер төгуді қажет ететін еңбек. Осыдан болар дүние жүзінде гиперреализммен айналысатын адамдар саусақпен санарлық. Жаңа жанрдың адамзатқа берер пайдасы да көп.
Расында, арқалықтық жігіттің өнеріне қарап тұрып еріксіз бас шайқайсың. Бірақ, өкініштісі сол жалындаған жас жігіт өз өнерін шыңдап, туындыларын толықтыруға қаражат қолбайлау етеді. Қазір ол жасайтын мүсіндеріне қажетті силиконды өзінің ақшасына сатып алып жүр. Демеушісі ата-анасы. Осындай сирек өнерді меңгерген Айдостың билік назарынан тыс қалып қойғаны өкінішті. Жаңа жанрдың елімізге қаншалықты пайдасы тиерін екшеп жатқан да ешкім жоқ. Алайда, өнерге жан-тәнімен берілген талант тың туындыларын мінсіз жасап шығаруды ғана ойлайды. Тағы бір арманы, айрықша тәсілмен, Қазақстанда алғаш жасалған гипперреалистік мүсінін Елбасының өзіне тарту ету.
Мешіт
       ҒАЗИЗ
СУРЕТТЕ: Айдос Есмағанбетов жасаған Абылайханның мүсіні.
Суретті түсірген
Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓