Мәдениет ошағы жаңа кейіпке енбек
Бұрын қазақ драма театры болған ғимарат бүгінде қалалық Мәдениет сарайы. Көп жылдардан бері жөндеу көрмеген мәдениет ошағы бүгінде жаңару үстінде. Мұнда толығымен жөндеу жүріп жатыр. Жұмыс барысымен облыс әкімі Н.Садуақасов танысты.

Биылғы жылы жөндеу жұмыстарына 100 млн.теңге бөлініп, игерілген. Бұл жер келешекте жастар да бас біріктіріп, жұмыс істейтін, жақсы өнер ордасына айналмақ.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА