Жапа шеккендерге өтемақы беріліп жатыр

Қостанайдағы Набережный көшесінде өртенген үйлердің иелеріне өтемақы төлене бастады. Қала әкімдігінің мәліметінше, жалпы сома – 150 млн теңге. Сонымен қатар, төлем жер учаскесінің құнына байланысты болды. 9 мамырда Қостанайда болған өрт Набережный көшесі бойында 13 отбасын баспанасыз қалдырды. 12 үй толығымен өртеніп кетті, олардың біреуі — екі пәтерлі. Тағы екі үй өрттен жартылай зардап шекті. Қостанай әкімдігінде атап өткендей, зардап шеккендер – 63 адам, оның 17-сі – бала. Сонымен қатар, 4 автокөлік өртенді. Тағы екі көлікті жалын жартылай шарпыды. Зардап шеккендер 34 бір бөлігі Қостанай облыстық оңалту орталығына орналастырылды.
"Алғашқы көмек ретінде әрбір отбасына тартылған қаражат есебінен 200 мың теңгеден төленді, сондай-ақ 15 отбасы үшін 754 мың теңгеге азық-түлік жиынтықтары берілді. Әрбір зардап шеккен отбасына 214 мың теңге (70 АЕК) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді", – деді Қостанай әкімі Марат Жүндібаев аппараттық кеңесте.
Сонымен қатар, Қостанай әкімі атап өткендей, өрт салдарынан жойылған мүліктің құнын анықтау жөніндегі комиссия да өз жұмысын аяқтады. 19 мамырда төлемдер басталды. Үйлері толығымен жанып кеткен 11 отбасы тұрғын үй сатып алуға арналған жер учаскесінің құнын ескере отырып, ақша алды.
"Өтемақыны толық жанып кеткен 13 отбасының 11-і алды. Құқық белгілейтін құжаттардың толық емес пакетіне байланысты екі нысан бойынша иелеріне зиянды өтеу мәселесін сот тәртібімен шешу ұсынылды. Қажет болса, біз қатысатын боламыз", – деді Жүндібаев.
Облыс орталығының басшысы атап өткендей, қаланың қоғамдық кеңесінің бастамасымен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету бойынша арнайы шот ашылды. Қазіргі уақытта оған 3,4 млн теңге аударылды. Бұл – өрттен жапа шеккендерге қол ұшын созған облыс орталығы тұрғындарының ақшасы. Сондай-ақ, қала әкімі аппаратының өкілдері қорға бір күндік табыс түрінде 335 мың теңге аударды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓