Карталар қайда сатылады?

Қалалық ТКШ бөлімі қала ішінде және қала маңына жолаушыларды тұрақты тасымалдау қызметінің дифференцияланатын тарифін белгілеу туралы Қаулы жариялады.валидатор
Қаулыға сәйкес, 7-15 жас аралығындағы балаларға қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру құны 40 теңге болады. Қалалық және саяжайлық маршруттарды таңдайтын барлық деңгейдегі зейнеткерлер үшін жолақы 10 теңгеге қысқарады. Электронды жолақы картасын қолданатын жолаушылар үшін жүру бағасы 80 теңге болып белгіленді, ал қолма-қол есептесетін болсаңыз, 150 теңге төлейсіз.
Қала маңындағы мекендерге және саяжайларға қатынайтын автобустармен жүру құны өзгеріссіз қалды.
Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, электронды карталарды сауда-ойын-сауық орталықтарынан, сауда үйлерінен 1 қарашадан бастап сатып ала беруге болады. Бір картаның құны – 370 теңге.
"Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар жол құнын төлеу картасын "Қазпочтаның" бес бөлімшесінен сатып ала алады, оқушыларға оқу орындарында білім бөлімі арқылы сатылады", – деп түсіндірді қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Бейсенов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓