Көптің көмегі көңіліне нұр сыйлады

Шырт ұйқыда жатқан Қайрат шошып оянып далаға шықса көз алдын көк түтін басып, ауланың маңын тұман шалғандай бейнені байқайды. Сөйтсе албар – қорасы мен қарсы сарайы  тілсіз жаудың жалынына оранып жатқанын көріп көмекке көрші көлемді шақырады. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” ауыл тұрғындарының арқасында от жалынды жан – жағына шарпытпай дер кезінде сөндіріп алған.
загруженное (1) Ертесіне отқа оранған албар қораның жұрнағыда қалмаған сынай. Тек орындарында төмпешік болып күлі ғана қалған. Үйілген күл – қоқысты шығару жұбайы мен 10 сынып оқитын қызының қолынан келмесі анық. Қайрат болса бірінші топтағы мүгедек. Құдай бақ беріп, құдайы көршісінің күл – қоқыстарын шығаруға аудан орталығынан камаз автокөлігі келгенін байқап оның жүргізушісіне ауламдағы қоқыстарды шығарып бересіз бе деп қолқа салады. Жүргізуші бас тартпастан келісіп, ақысыз көмегін көрсетіп, азаматқа тән жомарттығын танытса керек.
Артынша әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан аудан орталығындағы “Сенім Вера” мүгедектер ұйымының төрайымы А.Досмақова мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Зейнекинаға материалдық жағынан көмектесулеріне өтініш білдіреді. Ол кісілер сөзсіз келісім беріп, материалдық жағынан және ақшалай көмек көрсеткен.Соның арқасында албар қорасы мен сарайын қайта қалыпқа келтіріп алған Қайрат Сейілханов  қысыл таяңда көмек қолын созып, жомарттық танытқан азамат – азаматшаларға, ауыл тұрғындарына отбасының атынан шексіз алғысын білдіріп отыр.
 
                                                                      Байбатыр Ахметбеков
                                                                          Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓