Жітіқарада жарма өндірілмек

Жыл соңына қарай Жітіқара индустриялдық аймағында «Торғай Аян» ЖШС жарма өндіретін зауыттың құрылысын бастамақ. Бұл туралы «Тобол» ӘКК хабарлап отыр.photo_84258Жобаның жалпы құны 186 мың АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынның құрылысы 2018 жылы аяқталады деп болжанған. Зауыт айына 800 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Айта кетейік, аумағы 76,2 гектарды құрайтын Жітіқара индустриялдық аймағы барлық инженерлік инфрақұрылымы бар еліміздегі бірегей жоба. Инвесторларды, әсіресе, аймақтан 7 шақырым жерде темір жол стансасының орналасуы да қызықтыра түсуде.
– Биыл кірме жолдар салу үшін облыстық бюджеттен қаржы тарту көзделіп отыр. Ақша бөлінген жағдайда, Жітіқара қаласындағы аймақты күзге дейін іске қосу жоспарда бар, – дейді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясындағылар.
«Торғай Аян» ЖШС-ның негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы, астық, бұршақ дақылдары, оның ішінде тұқымдық дақылдар өсіру болып табылады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓