Ақынның заты өлгенмен аты өлмейді
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қостанай қаласындағы №9 орта мектепке көрнекті ақын, жазушы Ғафу Қайырбековтың есімі берілді. Осынау ақжолтай хабар Тобыл-Торғай арасын жайлаған қалың қазақ үшін маңызды. Себебі білім ошағына ақынның атын беру мәселесін марқұмның жұбайы Б.Хамзақызы және жергілікті ақын-жазушылар 2004 жылдан бері көтеріп жүрген еді. Мінекей көп тілеуі орындалып, қуанышты жаңалық та жетті.
Шаһарымыздағы ең ұзын әрі көрікті көшелердің бірі Ғафу ақынның атымен аталады. Сол көшенің бойынша, КСК шағын ауданында №9 орта мектеп орналасқан. Аталған білім ошағы бұдан былай Ғ.Қайырбековтың есімін асқақтатып тұрмақ. Осынау айтулы оқиғаға орай ақынның жұбайы Бәдеш Хамзина Қостанайға келіп, салтанатты іс-шараға қатысты.
-Халқымыз қуанышты хабарды естігенде «Ақ түйенің қарны жарылған күн» демей ме. Туған жерінің азаматын сыйлап білім ошағына атын бергеніне ризамын. Мектеп оқушылары аталарының атына кір келтірмей, білімді азамат болсын,-деді Бәдеш Хамзина. Салтанатты іс-шараға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қалиев, жергілікті ақындар А.Шаяхмет, С.Оспанов, Н.Мұқатов, жазушы-сатирик Ғ.Ахметчин, тіл жанашыры Қ.Орманшин, Жанкелдин ауданы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары Д.Серікұлы, №9 орта мектеп директоры Ә.Молдахалықов және облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қатысты. Аға буын жас ұрпақ алдында сөз сөйлеп, Ғафу Қайырбеков туралы лебіздерін білдірді. Әдеби кешке қатысушылар ақын атындағы мұражайды аралап, мектептегі өнерлі ұжымының концертін тамашалады. -Аталмыш мұражай 2000 жылы мамырда ашылды. Мұражайдың жұмысы маған тапсырылғандықтан Бәдеш апамызды іздеп Астанаға бардым. Ақынның кітаптарын, киім-кешегі мен қолданған заттарын төрт сөмкеге толтырып Қостанайға алып келдім. Қазір мұражайда тұрған жәдігерлер осылай жиналған еді,-деді зейнеткер ұстаз Кәбира Кәкімжанова. Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия және Жанкелдин ауданы, Қалам-Қарасу ауылындағы мектеп Ғафу Қайырбековтың атымен аталады. Ақын атын арқалаған білім ордасының қатарына Қостанайдағы мектеп те қосылды.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ