Ұрланған малды ізін суытпай тапты

Бүгінде мал баққан адамға ұры-қарының зияны түз тағысынан кем болмай тұр. Осындай бір келеңсіз оқиға жуырда Қарабалық ауданындағы Есенкөл ауылында болды. 27 қыркүйекте түн жамылған барымташылар «Манас» ЖШС-нің екі жылқысын қорадан ұрлап кетті.  Қазір нарықта бір жылқының құны 500 мың теңге көлемінде екенін ескерсек, бұл шаруашылық үшін аз шығын емес. Дереу полицияға хабар бердік. Десек те, бастапқыда ұры әкеткен малдың табыларына сеніміміз аз болды. Себебі бұған дейін де осы аумақтағы талай адамның малы қолды болып, табылмай кеткен еді.58d141e1-2464-49fd-ae92-d23a6278653d
Қарабалық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әмір Әбденов бастаған жедел топ шұғыл іске кірісті. Із кесіп, куәгерлерден жауап алып, тергеу шараларын тыңғылықты жүргізді. Әсіресе учаскелік инспектор Олжас Магамбетов, аға жедел уәкіл  Хамза Бигелдиновтер өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқаратын, кәсіби деңгейі жоғары мамандар екенін көрсетті. Полиция қызметкерлерінің осындай жедел әрі дұрыс әрекетінің арқасында ұрланған мал 5 күн ішінде, Денсиов ауданының Баталинский деген ауылынан табылды. 3 қазан күні екі жылқыны сол жақтан аман-есен алып қайттық.
«Қайтқан малдың қайыры бар» дейді қазақ. Осылайша жайсыз оқиғаның соңы жақсы аяқталып, көңіліміз жайланды. Сондықтан сүйікті газетіміз  «Қостанай таңы» арқылы жоғарыда аты аталған азаматтарға, жалпы осы іздестіру шараларын жүргізген жедел топтың барлық өкілдеріне  алғыс айтамыз.
 
Ақансері Есмағанбетов,
«Манас» ЖШС директоры

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓