Облыс әкімі дауыс берді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Nur Otan партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңін бастап, веб-портал арқылы өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды."17 қыркүйектен бастап Қостанай облысы бойынша партияішілік сайлауға 800 адам қатысуда. 7 қыркүйектен әрбір кандидат ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. БПҰ мүшелерімен кездесіп, шағым мен ұсыныстар жинап, жария пікірталастарға қатысты. Ал 1-3 қазан аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал primaries.kz арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні, 3 қазан күні бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруіне болады. "Nur Otan" партиясының барлық мүшелерін саналы таңдау жасауға және лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын", – деп жазды облыс әкімі.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев