Аймақтық семинар өтті

Амангелді аудандық Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйінде облыстық «Зерделеу» бағдарламасы бойынша аймақтық семинар өтті. Семинарға Қостанай облыстық халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Айгерім Көшкімбаева және мекеменің бөлім басшысы Достияр Балықбаев, және Арқалық қаласы мен Жангелдин ауданының мәдениет қызметкерлері, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауылдық клуб әдіскерлері қатысты. Семинар Тұрысбек Айдардың «Жас суретшілер», сондай-ақ Мейрамбек  Нұрсұлудың «Сиқырлы қалам», «Алтын оймақ» атты үйірмелерінің жұмыстарын сипаттайтын көрмемен басталды. Көрмені аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Индира Бақытқалиқызы таныстырды. Семинар-кеңестің модераторы ретінде Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйінің директоры Олжас Қылдыбаев жұмыс атқарды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сағынғали Зәкірұлын семинарға қатысушы қонақтар мен ауылдық клуб әдіскерлеріне жұмыстарына сәттілік тіледі. «Зерделеу» бағдарламасының мақсаты мен бағытын Айгерім Борашқызы таныстырды. 
15
– Қазір көп жерде әдістемелік көмектің ақсап тұрғаны рас. Сол себепті «Зерделеу» бағдарламасының негізгі мақсаты – барлық ауылдық клубтардың жұмысын насихаттау, еңбектерін көрсету, және оларға әдістемелік қолдау беру, – деді ол. 
Облыстық халық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Достияр Шәріпұлы мәдениет үйі әдіскерлерімен сандық есеп жасау, және олардың жасалу жолдары жөнінде толық түсініктеме берді. Семинар соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кеш соңында облыстық халық шығармашылық орталығы басшысының алғыс хаты аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Индира Арбабаеваға және Байғабыл ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Дина Баймановаға тапсырылды. Сондай-ақ семинарға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.
14
Еркінғазы Айтбаев, Амангелді ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓