ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала мен аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесін қарастырды. Жиын барысында бағаны реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар пысықталып, тұрақтандыру қорын толықтыру жағы сөз етілді.

Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, біздің облыста азық-түлік тауарларының 19 түрінің бағасы республикалық орташа көрсеткіштен төмен. Жалпы,  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 103,6% құрады.
Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 13 түрінен 6,6 мың тонна көлемінде қор жасалды. Қазірдің өзінде сақтау орындарында 395,8 млн теңгенің 1,9 мың тонна өнімі сақтаулы.

Жиында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі де талқыланды. Облыста пилоттық режимде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау немесе ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша пайдаланылмай жатқан жерлер анықталып, нысандарды кері қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді.

Басқосу соңында Архимед Мұхамбетов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуді, апта сайын олардың бағасына бақылау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдаланатындарды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓