Жаңа тағайындау

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа орынбасарын таныстырды. Ол бұрын Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенко болды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.39567161-960c-4130-9836-fb87604a8d54
Виктор Николаевич Ионенко Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритов ауылында дүниеге келген.dd4816ec-cd2e-46c8-9092-05040daa52f1
1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің лауазымына тағайындалады.03805028-12d6-47a0-ac59-d2d39889899a
Атқарылатын лауазымда Виктор Ионенко көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, облыс әкімі аппараты бөлімшелерінің, облыс әкімдігі басқармаларының, «жасыл экономиканы» дамыту, шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне басшылық етеді.
 
Еңбек қызметі:
07.1992
08.1993
с/з Николаевский  кеңшарының машина-трактор паркін пайдалану инженері
08.1993
06.1994
АГ «Монтажник» прорабы
06.1994
01.1996
«Монтажник» фирмасының директоры
07.1996
11.1997
«Кустанайсельхозстроймонтаж» АҚ Таран филиалының бастығы
11.1997
10.1999
ЭЛСП режимі бойынша инженер
10.1999
10.1999
техқадағалаудың бас маманы
10.1999
06.2000
Таран аудандық мәслихатының хатшысы
08.2000
07.2001
Таран АЭЖ директорының орынбасары
08.2001
06.2002
Костанайэнерго БАҚ Таран АЭЖ директоры
07.2002
04.2004
«КЭСК» МКК Таран АЭЖ директоры
05.2004
08.2009
«Костанайэнергоорталығы» ЖШС Таран АЭЖ бастығы
08.2009
10.2010
ЖШС «ЭПК-forfait» Қостанай Горэлектржелісінің бастығы
10.2010
06.2013
Қостанай облысы Денисовка ауданының әкімі
08.2013
10.2013
«АиФ» ЖШС директоры Қостанай қ.
11.2013
02.2015
«Костанайстройтехнологии» ЖШС директоры
02.2015
04.2017
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының әкімі
05.2017
09.2020
Қостанай облысы, Қарасу ауданының әкімі
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓